Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймақтан шықты

Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймақтан шықты

Қазақстанның үш өңірі коронавирус бойынша «қызыл» аймақтан шықты, деп хабарлайды Qazaqpress.

Олардың арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар.

30 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:

«Қызыл» аймақта — Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта — Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта — қалған барлық өңір.