Павлодарда ер адам қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кетті

Павлодарда ер адам қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кетті

Павлодарда қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кеткен ер адамды құтқарушылар шығарып алды, деп хабарлайды Qazaqpress Рavlodarnews.kz сайына сілтеме жасап.

Ол № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

— Жабық бас сүйек-ми мен омыртқа жарақаты тіркелген. Кеуде қуысының екі жағы зақымданған. Компьютерлік томография жасалды. Медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған. Тиісті сараптамалар жүргізілуде, — дейді ведомствода.

«Сарыарқа» қонақ үйі әкімшісінің айтуынша, ер адам осы қонақ үйде тұратын төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.