Бекшин: Алматының маңына блок-бекеттер қойылғалы жатқан жоқ

Бекшин: Алматының маңына блок-бекеттер қойылғалы жатқан жоқ

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың айналасында бақылау бекеттері қойылмайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

— Бүгіндері бізде айқындалған алғышарттар бар. Қазіргі ауруға шалдығушылық көрсеткіші Алматы қаласының периметрі бойынша бақылау бекеттерін орнатуды, сондай-ақ әуе қозғалысына шектеу қоюды білдірмейді. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін қолда бар шектеу шаралары жеткілікті, — деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, қаланың бас санитарлық дәрігері қоғамдық көліктердің штаттық режимде жұмыс істей беретіндігін атап өтті.