Ақтөбеде өртеніп кеткен үйден адамның денесі табылды

Ақтөбеде өртеніп кеткен үйден адамның денесі табылды

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Темір мост ауылында үй өртенді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін сағат 11:50-де Мұғалжар ауданы Темір мост ауылында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 техника жіберілді.

«Өрт 14:09-да толығымен сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында 1966 жылғы үй иесінің денесі табылды. Қазіргі уақытта өртенген үйдің бөлшектерін талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.