Алматыда заңсыз салынған дәмхана сүрілді
Алматыда заңсыз салынған жазғы дәмхана сүрілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл дәмхана Медеу ауданында Достық, 118 «А» мекенжайында орналасқан.
«Тексеру кезінде Нұрымбетов А.Д. аумағы 22,7 метр х 6,0 метр дәмхананы ҚР Сәулет, қала құрылысы туралы заңнамаға қайшы салғаны анықталды. Дәмхана иесі монтаждау жұмыстарды еш рұқсатсыз жүргізген. Бұл нысанды эксплуатацияға беру кезінде актісі өтпеген», — деді басқармадан.
Осыған орай басқарма ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 323 және 3 19-баптарына сайкес ауданаралық әкімшілік сотқа арызданды.
Сот шешіміне сәйкес, Нұрымбетовке ҚР Әқк 319-бабымен 41 670 теңге айыппұл салынды.
Қазір бұл нысан толық сүрілді.