Алматы облысында жүк көлігі 8 жасар баланы қағып, мерт қылды

Алматы облысында жүк көлігі 8 жасар баланы қағып, мерт қылды

Алматы облысында тас жолда қайғылы оқиға болды: жүк көлігі 8 жасар баланы қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

— Хоу жүк көлігінің қатысуымен болған жол апатында 8 жасар бала оқиға орнында көз жұмды. Бұл фактіге қатысты бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің қарамағында. Тергеу барысында барлық мән-жайлар анықталады, — деп нақтылады ведомствадағылар.