Елімізде теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды

Елімізде теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды

Қазақстанда облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттары үшін теміржол билеттерінің бағасы өседі, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Баға 1 наурыздан бастап қымбаттайды.

«2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% — ға артады», делінген ұлттық компания хабарламасында.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығын еске салады.