Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірді

Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірді

2021 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары.

«Сары» аймақта Алматы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Павлодар.

Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта.