Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды

Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды

Премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы мақұлданды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.

Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

«Қатысып отырған 99 депутат, жақтағандар 78, қалыс қалғандар 21», — деп оқыды дауыс беру нәтижесін Нұрлан Нығматулин.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді құттықтады.

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.

2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды.