Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Қазақстанда өткен тәулікте 124 адам пневмонияға шалдыққан, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 124 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 173 адам емделіп шықты», – делінген ведомствоның хабарламасында.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 46 499-ға жетті, 530 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 118-ге жетті.