Әнші Ақбота Керімбекова Шымкентте қызметке тағайындалды
Әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қаласының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.
Керімбекованың тағайындалғаны туралы әншінің құрбысы Индира Елубаева Instagram желісіндегі парақшасында айтты.
«Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып, жұмысына абырой мен береке, бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі — мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла!», — деп жазды құрбысы.