Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?
Қазақстанда өткен тәулікте 25 адам пневмонияға шалдыққан, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 25 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 41 адам емделіп шықты», – делінген ведомствоның хабарламасында.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 46 375, 526 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 33 945-ке жетті.