Талдықорған полицейлері бұзақылық жасаған күдіктіні 15 минут ішінде ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz—ке сілтеме жасап.
2021 жылдың 6 қаңтарында Талдықорған қаласы ПБ кезекші бөліміне сағат 13.15 шамасында Еркін ауылының 44 жастағы тұрғыны ұрып-соғу дерегі жайында арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелді.
Дереу бағдарланған «Бүркіт-152» патрульдік полициясының экипажы 15 минут ішінде Талдықорған қаласы Өтенай ауылының 31 жастағы тұрғыны болып табылатын, қылмыс орнынан қашып кеткен ер адамды ұстады.
Ұсталған адам жәбірленушіні ұрып-соққанын мойындады және жәбірленушінің аяғын алып тастау туралы ескертуге дұрыс жауап қайтармағанын жеткізді. Енді ашуға бой алдырған азамат өз әрекеттері үшін сотта жауап беретін болады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз