Бұзақылық жасаған күдікті 15 минут ішінде ұсталды

Бұзақылық жасаған күдікті 15 минут ішінде ұсталды

Талдықорған полицейлері бұзақылық жасаған күдіктіні 15 минут ішінде ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kzке сілтеме жасап.

2021 жылдың 6 қаңтарында Талдықорған қаласы ПБ кезекші бөліміне сағат 13.15 шамасында Еркін ауылының 44 жастағы тұрғыны ұрып-соғу дерегі жайында арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Дереу бағдарланған «Бүркіт-152» патрульдік полициясының экипажы 15 минут ішінде Талдықорған қаласы Өтенай ауылының 31 жастағы тұрғыны болып табылатын, қылмыс орнынан қашып кеткен ер адамды ұстады.

Ұсталған адам жәбірленушіні ұрып-соққанын мойындады және жәбірленушінің аяғын алып тастау туралы ескертуге дұрыс жауап қайтармағанын жеткізді. Енді ашуға бой алдырған азамат өз әрекеттері үшін сотта жауап беретін болады.