Алматыда Жаңа жылдан кейін жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды

Алматыда Жаңа жылдан кейін жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды

1 қаңтарда Алматыда жоғалған жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

16 жасар жасөспірім Жетісу ауданындағы үйінен 1 қаңтарда таңғы сағат 10:00 шамасында белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, содан кері оралмаған. Жоғалған жасөспірімді волонтерлар, тәртіп сақшылары, құтқарушылар іздеді. 4 қаңтарда жасөспірім өлі күйінде табылды.

Бұл суицид екені айтылады. Бозбала көпірдің астында асулы тұрған жерінен табылды. Оның мұндай қадамға неге барғаны туралы айтылмайды.