Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 6 қаңтардағы күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 418,95 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

Kurs.kz мәліметіне қарағанда, қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды 420,35 теңгеден сатып, 418,72 теңгеден сатып алуға болады.

Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орташа есеппен 420,38 теңгеден сатып, 419,11 теңгеге сатып алуға болады.