Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасының метеорологиялық ахуалы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 2 қаңтар күні Шымкент, Петропавл, Қызылорда, Қостанай, Көкшетау, Павлодар қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады.
Қазақстанның өзге шаһарларында ауаның ластануы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.