Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Қазақстанда өткен тәулікте 93 адам пневмонияға шалдыққан, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 93 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 101 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 45 723, 499 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33 083-ке жетті, — делінген ВАК хабарламасында.