Ақтөбе облысында шахтада төрт адам қайтыс болды

Ақтөбе облысында шахтада төрт адам қайтыс болды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында шахтада төрт жұмысшы опат болды, деп хабарлайды Qazaqpress.

«30 желтоқсан күні сағат 21:21-де Хромтау аудандық өрт сөндіру бөлімінің пультіне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстары жүргізілгені, сол кезде төрт жұмысшының қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті», — деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Оқиға орнын барлау кезінде 4 жұмысшының қаза тапқаны және бір адамның зардап шеккені анықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмысшыны медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Оқиғаның себебі анықталуда. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары С.Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері шықты», — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.