Қазақстандықтар көлік салығын қашан төлеу керегі айтылды

Қазақстандықтар көлік салығын қашан төлеу керегі айтылды

Қазақстандықтар көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі керек, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіндегілер айтты.

«Көлік салығын төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстырылған соң көлікке салынатын салық мөлшерін ұлғайтуға қатысты азаматтардан өтініштер түсіп жатыр.

Салық төлеуші 2020 жылға арналған салық міндеттемелерін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін орындауы керек.

Көлік салығының сомасы 2020 жылғы 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады», — делінген комитеттің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, жоғарыда көрсетілген мерзімде АЕК мөлшері 2 651 теңге болады. Салық осы көрсеткіштен есептеледі.

«2021 жыл үшін көлік салығын 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеген кезде 2021 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК қолданылады», — деді комитеттегілер.

Еске салайық, мүлік пен жер салығын төлеу мерзімі өзгермейді, салықтардың осы түрлері бойынша міндеттемелер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек.

Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген салықтарды жаңа формада — біріктірілген бюджеттік жіктеу коды арқылы төлейтіні айтылады.