Маңғыстауда ауладағы құдыққа түсіп кеткен екі бала мерт болды
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылдық округінде жеке тұрғын үй ауласындағы құдыққа екі бала құлап кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 21 желтоқсанда сағат 15:30 шамасында Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округіндегі жеке үйде болған.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 және 11 жасар екі жеткіншек — бір үйде тұратын ағайындылардың балалары.
«Ауыз су құдығының тереңдігі — 2 метр, 1,8 метр тереңдікте суы бар екен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған жағдайдың жай-жапсарын анықтап жатыр», — делінген хабарламада.