Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 22 желтоқсандағы күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 419,62 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

21 желтоқсан кешімен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,52 теңгеге төмендеген.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 420,76 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 421,13 теңгеден сатылып жатыр.