қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресми түрде «Отбасы банк» атанды

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Желтоқсан 21, 2020
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресми түрде «Отбасы банк» атанды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамыр айында айтылған тапсырмасына сәйкес, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Акционерлік Қоғамы («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өзінің ресми атауын «Отбасы банк» деп өзгертті.

Байланысты

Ақтаулық әйел жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтірді

Сарыағашта карантинге қарамастан «Бата көкпар» ұйымдастырылған

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

2020 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамына қайта тіркеу жүргізілді.

Бүгінгі күннен бастап Банктің толық атауы:

– мемлекеттік тілде: ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы;

– орыс тілінде: акционерное общество «Жилищный строительный сберегательный банк «Отбасы банк»»;

– ағылшын тілінде: joint stock company ««Otbasy bank» house construction savings bank».

қысқаша атауы:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

– мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» АҚ;

– орыс тілінде: АО «Отбасы банк»;

– ағылшын тілінде: JSC «Otbasy bank».

Банктің жалғыз акционері болып – акциялардың мемлекеттік пакетін иеленуге және пайдалануға 100% құқығы бар «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қала бермек. Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгертіледі.

Бүгіннен бастап «Отбасы банк» деп аталатын бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк ретінде қала бермек. Сондай-ақ қаржы құрылымы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы міндетіндегі қызметін де өзгертпейтін болады.

Сонымен қатар, 2021 жылы «Отбасы банк» тұрғын үйді тіркеу, есепке алу, үлестіру жұмыстарын бір орталықтан жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады. Ал бұл міндеттерді іске асыру үшін кезекке қою жүйесін әкімдіктерден ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне» тапсырып, тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Баспанамен қамтамасыз ету орталығын» құру жоспарланған. Бұл жағдайда тұрғындарымызға баспанаға мұқтаж екенін растау үшін бірнеше мекемеге жүгініп, кезекте тұрып, ізінше несие алу үшін Банкке келіп әуре-сарсаңға салынбай, мәселесін бір орталықтан шешу мүмкіндігі туады.

«Банктің дамыған инфрақұрылымы, ақпараттық және технологиялық қоры тұрғындарымызды, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарымызды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетеді, үй алуға кезек құру жүйесін басқару мүмкіндігін кеңейтеді, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға баспана алу рәсімін оңтайландырады. Сонымен қатар Банк 1,7 миллионнан астам салымшы мен 181 мыңға жуық займ алушыларға қызмет көрсетуін жалғастыра отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберіндегі өзінің негізгі қызметін үзбейді» – деп, Банктің атауы өзгеруіне байланысты «Отбасы банк» Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова пікір білдірді.

Бүгінгі күні Банктің депозиттік портфелі 976 млрд теңгеге тең. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін жетеді деп жоспарлануда.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қостанай облысында вагон үйден өрт шығып, бір әйел көз жұмды

Келесі жаңалық

Алматы облысында беби-бокстар қойылды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Ақтаулық әйел жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтірді
Категориясыз

Ақтаулық әйел жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтірді

Наурыз 1, 2021
Сарыағашта карантинге қарамастан «Бата көкпар» ұйымдастырылған
Категориясыз

Сарыағашта карантинге қарамастан «Бата көкпар» ұйымдастырылған

Наурыз 1, 2021
Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды
Басты

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 2021
Алматыда қоймалардың бірінде өрт болды
Категориясыз

Алматыда қоймалардың бірінде өрт болды

Ақпан 28, 2021
Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды
Категориясыз

Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

Ақпан 27, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Категориясыз

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды

Ақпан 27, 2021
Келесі жаңалық
Алматы облысында беби-бокстар қойылды

Алматы облысында беби-бокстар қойылды

Шымкенттік полиция қызметкері түсірген селфи. Тексеріс басталды

Шымкенттік полиция қызметкері түсірген селфи. Тексеріс басталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Қазақстанда доллар бағамы өсті

Желтоқсан 29, 2020
Жамбылдық полицейлер марихуана сатушысын ұстады

Жамбылдық полицейлер марихуана сатушысын ұстады

Ақпан 19, 2021
Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жамбыл облысында өрт болып, бес бала қаза тапты

    Жамбыл облысында өрт болып, бес бала қаза тапты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қалалық онкологиялық орталығы Қазақстандағы онкологиялық диспансерлердің арасындағы ең мықтысы болып танылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңатастағы 5 бала көз жұмған өрттің алдын ала себебі айтылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Сапарбаев Жаңатастағы өрттен қаза болған 5 баланың ата-анасының шаңырағына барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 806 адам жұқтырған

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Сәтпаевтағы қыз зорлау оқиғасы: Жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот отырысы басталды
  • Ержан Жасыбаев Талдықорған әкімі болып тағайындалды
  • Нұр-Сұлтанның қазіргі басшылығы қаланы күлкіге айналдырды. Қанша шыдауға болады?

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.