Қостанай облысында вагон үйден өрт шығып, бір әйел көз жұмды

Қостанай облысында вагон үйден өрт шығып, бір әйел көз жұмды

20 желтоқсан күні таңғы сағат 5 шамасында Арқалық-Торғай тас жолын жөндейтін жол ұйымына тиесілі екі жеке контейнер типтегі тұрғын тіркемелерінде өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqpress Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт тіркеменің ішінен, кереуеттің жанындағы бұрыштан басталды, өрттің ауданы 25 шаршы метрді құрады. Апат салдарынан 1967 жылғы әйел көз жұмды, алдын-ала ақпарат бойынша ол аспазшы болып жұмыс істеген.

Өрттің алдын-ала себебі — электр сымдарының тұйықталуы.