Қазақстанда екі өңір әлі де «қызыл» аймақтан шыққан жоқ

Қазақстанда екі өңір әлі де «қызыл» аймақтан шыққан жоқ

Қазақстанда екі аймақ әлі де «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Qazaqpress.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 17 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта: Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. Барлық қалған өңір «жасыл» аймақта орналасқан.