Алматыдан 380 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінді

Алматыдан 380 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінді

Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 380 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Qazaqpress «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 17 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:40 кезінде жер сілкінісі тіркелген.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 380 шақырым жерде, Қытай территориясында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.9.

Магнитудасы — MPV 3.9.

Координаттары — 44.45° с.ш. 81.30° в.д.

Тереңдігі — 5 шақырым.

Сезілгені жайлы мәлімет жоқ.