Алматылықтарды 400 млн.теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Алматыда 43 жастағы алаяқ халықты алдап, 400 млн.теңгені қолды еткен, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінен «жалға берілетін баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға, сондай-ақ тәркіленген жер учаскелері мен көліктерді электронды аукциондардан арзан бағамен сатып алуға көмектесе аламын» деген желеумен ол бірқатар адамның сеніміне кіріп, олардың қомақты қаражатын иемденген, келтірілген материальдық шығын көлемі — 400 миллион теңгеден асады, — делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында.
Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.
— Тергеу жалғасуда. Біз осы адамның заңсыз әрекеттері салдарынан зардап шеккендер болса, мына мекен-жайға хабарласауын сұраймыз: Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 55, Алматы қалалық ПД, ІІБ, АППБ Ішкі істер басқармасы аға тергеушісі И.Г.Литвиненко. Телефон нөмірлері: 261-84-90, 254-40-59 және 8-775-284-55-56, — дейді Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.