Түнде Алматы маңында жер сілкінді

Түнде Алматы маңында жер сілкінді

Бүгін Алматы маңында сағат 4:05 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 79 шақырым қашықтықта, Қазақстан территориясында тіркелді», — делінеді ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалары желілерінің хабарламасында.

Зілзаланың энергетикалық санаты 9.0.

Магнитудасы MPV 4.3.

Ошақтың координаты 43.54° с.е. 77.77° ш.б.

Тереңдігі 15 шақырым.

Сезілуі туралы мағлұмат (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ