Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қаламы қарымды, жазғаны жалынды журналистер «Самғады»

Агзам Текенов by Агзам Текенов
11 декабря, 2020
Қаламы қарымды, жазғаны жалынды журналистер «Самғады»

Сансыз жылдары жұрттың жоғын түгендеумен өтетін журналистердің еңбегінің еленетін күні сирек, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

Ал, Жетісу өңірі аталған олқылықтың орнын толтырды. Ол жыл сайын өтетін Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы.

Тілшілер додасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын Қазақстан мемлекеттілігінің негіздері ретінде дәріптеу, облыс аумағында Тәуелсіздік жылдарында ақпараттық-имидждік жетістіктерін жария ету, және «Рухани жаңғыру», «Covid-19» сондай-ақ мемлекет басшысының басқа да тапсырмаларын жариялауды нысанаға алған.  Тұлпардың тұяқтысы ғана шыдайтын аламан бәйгені ұйымдастырушылар Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы.

Жетісудың жауһарларын тізіп, жетістігін жазып, сара жолын саралайтын сұрмергендер ақпарат таратудан артта қалған емес. Өңірлік БАҚ өкілдері қашанда ақпарат майданының алғы шебінде. Олар Жетісу өлкесінің жемісі мен жеңісін бұқараға жеткізіп, қоғамдағы кемшіл тұсты дөп басып айтып жүр.  Облыс әкімінің қолдауымен өткен әрбір жаңа бастама қашанда баспасөз бетінде. Бұл да журналистердің табанды еңбегінің көрінісі.  Биыл Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бастау алған болатын. Оның іске асуы барша жұрттың назарында болды. Осы ретте аталған жұмыстарды насихаттауға үлес қосқан қаламды жауынгерлердің қалтқысыз қызметін мойындамасқа болмас. Сонымен қатар, Көксу, Ақсу қант зауыттарының жаңа маусымға дайындығы да көгілдір экранда көрсетілді.  Ауа-райының қолайсыздығына, тағдырдың тосын сыйына қарамастан өлкенің өркендеуі жолында атқарған жұмыстары елеусіз қалмайды. Барлығы ел есінде. Сондай-ақ, шалғайдағы елді мекендерге барып, ақжолтай хабарды бұқараға бірінші жеткізуге тырысты. Оған дәлел, облыс аумағында ашылған түрлі маңызы бар әлеуметтік нысандарды қолданысқа бергенде таңмен таласа ақпар таратқандығы.

Олардың мұндай еселі еңбектерін аймақ басшысының орынбасары Рустам Әлиде  бағалап отыр.

«Былтырғы жылдан бастап ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша кәсіби мереке – Қазақстан Журналистер күні ресми түрде бекітілді. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда облыстық БАҚ-тарды қаржыландыру 25% — ға артты, Журналистер үйін материалдық-техникалық қамтамасыз ету айтарлықтай жақсарды. Биылғы жылы журналистер эпидемиологиялық жағдайды ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, әлеуметтік маңызды нысандардың ашылуы: жұқпалы аурулар ауруханасы, мектептер, амбулаториялар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, студенттерге арналған жатақханалар, тұрғын үйлер сияқты маңызды аспектілерді белсенді түрде жария етті. Мысалы, Олар Райымбек ауданында нысандардың, өңірдің барлық аудандары мен қалаларында сервистік әкімдіктердің ашылуын кеңінен жария етті. Бүгінде облыстық «Жетісу» телеарнасы цифрлық форматта 87 хабар тарату станциясы арқылы облыстың барлық елді мекендерін 100% — ға қамтиды. Заманауи студиялар жабдықталған және іске қосылған, олардың ең үлкені 600 шаршы метр. Облыс әкімдігінің қатысуымен облыстық және республикалық БАҚ журналистері үшін Германия, Сингапур, Латвия, Грузия, Украина, Татарстанға блог-турлар ұйымдастырылды, бұл түрлі елдердің БАҚ өкілдері арасындағы екіжақты байланыстардың дамуына ықпал етті»,– деді Рустам Әли.

Тұшымды ойы, пайымды көзқарасы бар тілші қауымның тіршілігі елдің алдында өтіп жатыр. Халық қалаулыларына айналған сайыпқырандардың «Самғауы» заңдылық.

Әдеттегідей, дәстүрден жаңылмай өткен байқауға жоғарыда сыйпаттаған, сөзден сұлу сарай соғып, халықтың өз бидайын өздеріне қуырып беріп жүрген жандар додаға түсті. Дарындылар топ жарды. Тілшілік тіршілікпен тыныстап жүргендер 11 аталым бойынша бағын сынады. Барлығы 118 өтініш келіп түскен.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер лайықты тұғырына қонды. Жіктеп айтар болсақ, «Үздік желілік басылым»  номинациясы бойынша  1-орынды «Қarasayinfo» желілік  басылымы алды. Ал,  «Үздік облыстық Vlog  (Алматы облысы бойынша бейне-блог)  немесе   (Үздік блогер») (Алматы облысы туралы пост) аталымынан     Мұхит Тоқтасын жүлделі бірінші орынға ие болды.

«Үздік бейне клип өндеуші» деп қазылар алқасы «Жетісу» арнасының режиссеры Ерлан Ұшақпаевті таныған. Жүлделі орыннан көрінушілердің қатарында «Жетісу» газетінің дизайнері Мөлдір Мұраталина да бар. Ол  «Баспа басылымның үздік дизайны, инфографика»  аталымы  бойынша лайықты тұғырына шықты. «Үздік тілші»  (аудан, қалалық баспа басылымдары) номинациясы бойынша «Кербұлақ жұлдызы» газетінің бас редакторы Ляйля Оналбаеваның бағы жанды.

«Үздік республикалық (халықаралық) тілшісі  Алматы облысы туралы ақпараттық материал) аталымында «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Әсет Қалымовтың аты оза шапты. Бұл кеште  «Үздік  фотосуретші» деп  «Заман жаршысы газетінің» фототілшісі Ерлан Әлиасқаров танылды.

«Үздік оператор»   (бейнематериал)  аталымы бойынша жүлде «Жетісу» арнасының операторы Шалқар Құсайыновқа бұйырды.

«Мен өте қуаныштымын және жеңімпаз атану мен үшін үлкен мәртебе. Менің жеңісімді ортақ ұжымның жеңісі  деп санаймын. Облыс басшылығына бізге көп көңіл бөлгендері үшін үлкен рахмет. Біз өз материалдарымызда өңірдің өмірін көрсетуге тырысамыз, — деді Жетісу телеарнасының операторы Шалқар Құсайынов.

Тынымсыз тіршілікті таңдаған қауымның ішінде «Үздік тележурналист» ретінде өзгелерден ісі озған журналист «Жетісу» арнасының редакторы Сәния Байтарова болды.  «Үздік журналист» аталымында «Айқын газетінің» тілшісі Болатбек Абаған топ жарды.

«Облыстық журналистика саласына қосқан үлесі үшін (ардагер журналист)   номинациясы бойынша «Спорт» республикалық газетінің меншікті тілшісі Мәулетхан Ақсанов жүлдеге лайық болды. Осылайша,тілшілер атқарған ісіне қарай өзара жүлдені бөлісті.

Расында, қоғам мен биліктің арасында алтын көпір орнату оңай емес. Десе де, өз ісінің хас шеберлері, талантты қыз-жігіттер бұл үдеден шығып келеді. Мұнысы туған елге деген махаббат пен мамандығын шексіз сүйгендігінің айқын көрінісі. Журналистерге арналған жүлдені қанжығасына байлағандар биік шыңға көз тіккен ұлы дала қырандары. Олар жасампаз елмен бірге жаңа белеске көтеріліп келеді. Соның арқасында тиісті тұғырына тұрақтады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат науқаны Ақмола вагон жөндеу зауытынан басталды

Келесі жаңалық

Түнде Алматы маңында жер сілкінді

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде
Категориясыз

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

5 июня, 2026
Жаңа адамдар Алматыдағы заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады
Категориясыз

Жаңа адамдар Алматыдағы заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады

5 июня, 2026
ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 2026 жылғы мамырдағы нәтижелері туралы
Категориясыз

ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 2026 жылғы мамырдағы нәтижелері туралы

5 июня, 2026
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды
Категориясыз

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

4 июня, 2026
Келесі жаңалық
Түнде Алматы маңында жер сілкінді

Түнде Алматы маңында жер сілкінді

Рудныйда кісі өлтіру дерегі ашылды

Рудныйда кісі өлтіру дерегі ашылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Сенатор Қазақстанда жүгеріден қант өндіруді ұсынып отыр

Сенатор Қазақстанда жүгеріден қант өндіруді ұсынып отыр

2 июня, 2023
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбеюде

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 692 адам жұқтырған

12 января, 2021
Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезді

Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезді

7 декабря, 2023

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.
  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.