Алматы қаласында Шығыс Қазақстаннан келіп, пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары бес адамды Медеу ауданында кезекті қылмыс жасап, ізін суытқалы жатқан кезде жолын кесті.
– Бұл топқа Шығыс Қазақстан облысының бес тұрғыны кіреді, олардың барлығының соттылығы болған, оның ішінде мүліктік қылмыстары үшін. Тұтқындаудан біраз уақыт бұрын, қаскөйлер үй мүшелерінің жоқтығын пайдаланып, алматылықтардың пәтерін тонап, сол жерден ақша салынған сейфті, алтын заттар, киюге болатын киімдер мен екі ноутбукты ұрлап кеткен. Олар ұсталды, заттай айғақтар тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Аталған факті бойынша іс жүргізуді Медеу аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі аумақтық құрамы бойынша жүргізуде. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз