Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Нұр-Сұлтанда төртқабатты үйдің шатыры мен іргетасы құлағалы тұр

Ботиржон Кадиров by Ботиржон Кадиров
5 мая, 2021
Нұр-Сұлтанда төртқабатты үйдің шатыры мен іргетасы құлағалы тұр

Елордада төртқабатты үйдің шатыры мен іргетасы құлағалы тұр, деп хабарлайды Qazaqpress 24.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады

Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті

01.04.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

Елордалық тұрғындар апатты деп танылған төртқабатты үйдің төбесін жөндей алмай әлек.

Аудандық әкімдік тиісті қаржы бөлуге ниетті, алайда төтенше жағдайлар департаментімен өзара келісімге келе алмай отыр. Ал тұрғындар шатырды жөндемек түгілі, үстіне шығуға жүрексінеді. Өйткені, шатырдың басып қалу қаупі бар.

Күләш Байсейітова көшесіндегі осы үйдің тұрғындары ұйқтаудан қалған. Себебі үш жыл бұрын қатты жел ұшырып, бүлінген шатырдың тесіктерінен жел гуіделеп тұр. Тесіктен аққан су мазаны тағы қашырады. Ағаш тіреулері де әбден шіріген. Шатыры да үгітіліп жатыр. Мұржалары жарым жартылай бұзылған. Төтенше жағдай қызметі шатырды әлдеқашан апатты деп таныған екен.

Алмагүл Жандарбекова, қала тұрғыны:

— Міне, мына жақтан осылай су ағып жатыр. Көрсеттім, шатырдың жартысы жоқ. Жаңбыр жауғанда су толып кетеді.

Ұлдар жауып амалдағанмен, қар мен су төбеден бәрібір өтіп кетеді. Қазір тұрғындар жабу жаппақ түгілі, шатырға шығуға қорқады. Төбенің астында қалуы әбден мүмкін.

Әсияқан Әбжанова, қала тұрғыны:

— Сарыарқа ауданының әкімге барғанбыз. Әкім уәде бергенмен, жасалған жоқ.

Бума қағазды құшақтап тұрғындар әкімдік пен төтенше жағдайлар департаментінің табалдырығын талай тоздырған. Бірақ бұдан еш нәтиже жоқ. Екі мекеме бір-біріне сілтейді. Шатыр деп жүргенде, үйдің іргетасы тозып барады.

Хәкімбек Қазбайұлы, қала тұрғыны:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

– Міне, қабырғасы шөгіп барады. Блоктардың арасы қақырап жатыр. Арасын өзіміз бітедік. Әйтпесе, көгершіндер кіріп кететін. Мына үй шөгіп барады, бір күні алтыншы кіреберісі опырылып түсетін сияқты.

Сол кезде қара жамылатын түріміз бар.

105-үйге іргелес, 103-үйдің де жағдайы мәз емес. Іргесі сөгіліп, жабын плитасы ілініп-салынып, құлауға шақ тұр. Мүжілген жабындының арасын тұрғындар өз күшімен бітеген болады.

Әзімбай Шалқаров, қала тұрғыны:

— Тұрғындар өздері жасады. Мен арғы жағын тіктім. Доптың орнындай тесік. Екі балам, екі немерем пневмониямен ауырып қалды.

105-үйдің шатыры бойынша Сарыарқа аудандық әкімдігі төтенше жағдайлар департаментімен ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Бұны билік өкілі ашық мойындады. Департамент әкімдіктен төтенше жағдайды белгілейтін құжат пен оған тиісті қаржының бөлу ережесі туралы қағаз сұратқан

Андрей Марченко, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бөлім жетекшісі:

— Бұл құжаттарды біз қаржы басқармасына тапсырамыз. Мәселе осыда. Бұл құжаттарды төтенше жағдайлар қызметіне бере алмаймыз. Беруге міндетті емеспіз. Бұл жерде техникалық қорытындыға сүйеніп, төтенше жағдайлар департаменті шатырды бүлдірген апатты жағдайды белгілі бір санатқа жатқызуға тиіс.

Сөйтіп шатыр мәселесі арадағы құжаттамаға байланысты әзір шешілмейтін сыңайлы. Ал тозығы жеткен қос үйдің өзге тесіктерін жамау тұрғындардың өз мойнындағы шаруа. Адам өміріне қауіпті екенін дәлелдеп, тұрғын үй инспекциясы арнайы шешім шығарса ғана бұл мәселе қолға алынуы мүмкін.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Таразда белгісіз біреулер иттің көзін ойып тастаған

Келесі жаңалық

Өзбекстанда жүргізушілер Қазақстанға миллион доллар алып өтпек болған

Ботиржон Кадиров

Ботиржон Кадиров

Байланысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
Категориясыз

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады

16 апреля, 2026
Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
Категориясыз

Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті

16 апреля, 2026
Категориясыз

01.04.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

16 апреля, 2026
1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
Категориясыз

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

15 апреля, 2026
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
Категориясыз

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді
Категориясыз

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

15 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Өзбекстанда жүргізушілер Қазақстанға миллион доллар алып өтпек болған

Өзбекстанда жүргізушілер Қазақстанға миллион доллар алып өтпек болған

Мұғалімдердің жазғы демалыс ұзақтығы өзгеріссіз қала ма: БҒМ жауап берді

Мұғалімдердің жазғы демалыс ұзақтығы өзгеріссіз қала ма: БҒМ жауап берді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Сарқыт, алтын тіс пен cөмке — 2023 жылы қазақстандықтар таксиде нені ұмытты?

Сарқыт, алтын тіс пен cөмке — 2023 жылы қазақстандықтар таксиде нені ұмытты?

12 октября, 2023
Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

21 октября, 2024

The very best Online Dating Sites Designed for Latinas

10 июня, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
  • Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.