Текелі қаласына санитарлық бекет қойылады

Текелі қаласына санитарлық бекет қойылады

Алматы облысының Текелі қаласына 30 қарашадан бастап санитарлық бекет қойылады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Текелі қаласының Бас санитария дәрігерінің 26 қарашада шыққан №249 қаулысында көрсетілген.

Санитарлық бекетте полиция қызметкерлері мен дәрігерлер қалаға кіріп-шыққандардың дене қызуын өлшеп, анкета толтырады.

Текелі қаласында соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелген. Қыркүйек айынан бастап бұл көрсеткіш 23 адамға жетті.