Тоқаев: Мемлекеттік органдардың қызметі ашық әрі үнемі қоғамның бақылауында болуы керек

Тоқаев: Мемлекеттік органдардың қызметі ашық әрі үнемі қоғамның бақылауында болуы керек

Мемлекеттік органдардың қызметі ашық және тұрақты түрде бақылауда болуы керек, деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының ХХ съезінде, деп хабарлайды Zakon.kz.

— Біздің беретін басты басымдық — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бұл — науқаншылдық емес, байыпты әрі дәйекті іс. Мемлекеттік органдардың қызметі ашық әрі үнемі қоғамның бақылауында болуы керек, — деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы волонтерлықты және үкіметтік емес секторды жан-жақты қолдау — еліміздің тұрақты дамуының кепілі екенін атап өтті.

— Қоғам мен азаматтық сектор мемлекет қызметінің барлық негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау процесінің толыққанды қатысушысы болуы керек. Сонымен қатар, партия жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын белсенді насихаттайтын болады. Оның құрамына ауыл әкімдерін сайлау, қоғамның қатысысуындағы бюджет және жергілікті билік органдарын қоғам тарапынан бақылау кіреді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау мұнымен тоқтап қалмайды. Пайдалы нәтижелерге қол жеткізген соң да партия осы саладағы тиімді дамумен ары қарай да айналысады, деп сендірді Қазақстан Президенті.