Доллар бағасы төмендеді

Доллар бағасы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 426,62 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

20 қараша кешімен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 1,35 теңгеге төмендеген.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 427,83 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 427,81 теңгеден сатылып жатыр.