қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Тоқаев төрағалығымен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Қараша 20, 2020
Тоқаев төрағалығымен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты, деп хабарлайды Qazaqpress  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байланысты

Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды

Ақтаулық әйел жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтірді

Сарыағашта карантинге қарамастан «Бата көкпар» ұйымдастырылған

Президент жиынға дейін қызмет барысында қаза тапқан әскери қызметшілерге арнап орнатылған «Мәңгі есімізде» монументіне гүл қойып, тағзым етті.

Отырысты ашқан Жоғарғы Бас қолбасшы келер жылы қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толатынын атап өтіп, осы жылдар ішінде бейбіт өміріміздің қорғаны болған ұлттық әскеріміз толық қалыптасқанын, еліміздің армиясы егемендігіміз бен тұтастығымыздың тірегіне айналғанын айтты.

– Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Бұл Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасы, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылығын жаһандық масштабта да, жекелеген аймақтарда да күрт өзгеріп жатқан әлемдегі ахуалды жіті бақылап отыруға шақырды. Оның сөзінше, қазіргі қауіпсіздік архитектурасы дағдарысқа ұшыраған.

Мемлекет басшысы ішкі толқулар, төңкерістер елдің тұтастығына сөзсіз әсер етеді деп санайды. Оған Брест бітімінен бастап Қап тауындағы соңғы жағдайларға дейінгі тарихтың жаңа парақтары куә.

– Мұндай жағдайда мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының жалғыз кепілі – Қарулы Күштер. Елімізді сыртқы қауіп-қатерден қорғап тұрған әскери қызметшілерді мемлекет әрдайым қолдайды. Президент және Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қорғаныс саласына ерекше көңіл бөлуді өз жұмысымның басым бағыты ретінде санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігі соңғы жылдары әскери жоспарлау құжаттарын дайындау бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті. Бұл армия мен мемлекеттік органдардың сыртқы қауіп-қатерге қарсы мақсатты түрде дайындық жүргізуіне мүмкіндік берген.

Президенттің пікірінше, осыған дейін қол жеткен жетістіктерді сақтау үшін Қарулы Күштердің қызметіндегі бірқатар басымдыққа көңіл бөлу қажет.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Атап айтқанда, әскердегі моральдық-психологиялық ахуалды және сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеру аса маңызды.

– Қорғаныс министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, 2021  жылғы 1 қарашаға дейін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол әскерилерді әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау мәселесіне тоқталды. Президент келесі жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы көлемі артатынын, алдағы 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлемді орташа есеппен 30 пайызға көбейту туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Жоғарғы Бас қолбасшы армияның әскери машығын ұдайы шыңдап отыру керек екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл өткен әскери жаттығуларда қазақстандық әскерилер жоғары дайындығын көрсетіп, бітімгерлік миссияларға қатысуға әзір екенін атап өтті. Осыған орай Қорғаныс министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2021 жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Қарулы Күштерінің БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысуын кеңейту жөніндегі Жол картасын әзірлеуді міндеттеді.

Мемлекет басшысы өзінің тапсырмасы бойынша Бейрут портындағы жарылыстың салдарын жою кезінде Ливан халқына көрсеткен көмектері үшін Қарулы Күштердің әскери дәрігерлеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес кезінде өздеріне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарған барлық әскери қызметшілерге алғыс айтты.

Президент қазақстандық армияны ең озық цифрлық технологиялармен және құралдармен жабдықтаудың маңызды екенін ескертті. Бұл мәселені шешу үшін Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары қызметін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 1 қарашасына дейін Әскери бағыттағы біртұтас ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын құруды тапсырды.

Мемлекет басшысы әскери құрылымдарды қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етудің бірқатар басымдығын атады. Президент әуе қорғанысын күшейту, әскер түрлері мен тектерінің радоиоэлектронды күрес элементтерін дамыту, әскердің жедел әрекет ету әлеуетін көтеру мақсатында әскери-транспорттық авиация паркін арттыру бағыттарына басымдық берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев армия мемлекетіміздің тірегі, егемендіктің кепілі екенін және әрбір қазақстандық сарбаз бен сардар қастерлі Тәуелсіздігімізді күзетіп тұрғанын ұдайы есінде ұстауға тиіс екенін айтты.

Алқа мәжілісінде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Президентке Қарулы Күштерді дамытудың қорытындылары, сондай-ақ, министрліктің стратегиялық бағыты жөнінде есеп берді.

Сонымен қатар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерінің танк бригадасының командирі Табылды Исалиев пен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскері 66597 әскери бөлімінің взвод сержанты Азат Шайхы баяндама жасады.

Жиыннан кейін Президент елдің Қарулы Күштерінің құрамындағы радиоэлектронды күрес жүргізуге арналған заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтардың үлгілерімен танысты.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ақмола облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Келесі жаңалық

Қазақстанда доллар бағамы өсті

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды
Басты

Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды

Наурыз 1, 2021
Ақтаулық әйел жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтірді
Категориясыз

Ақтаулық әйел жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтірді

Наурыз 1, 2021
Сарыағашта карантинге қарамастан «Бата көкпар» ұйымдастырылған
Категориясыз

Сарыағашта карантинге қарамастан «Бата көкпар» ұйымдастырылған

Наурыз 1, 2021
Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды
Басты

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 2021
Алматыда қоймалардың бірінде өрт болды
Категориясыз

Алматыда қоймалардың бірінде өрт болды

Ақпан 28, 2021
Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды
Категориясыз

Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

Ақпан 27, 2021
Келесі жаңалық
Қазақстанда доллар бағамы өсті

Қазақстанда доллар бағамы өсті

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері тағы ауысты

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері тағы ауысты

Қараша 25, 2020
Алматыда карантин жеңілдеді

Алматыда карантин жеңілдеді

Ақпан 20, 2021
Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Қазақстанда доллар бағамы өсті

Желтоқсан 23, 2020

Топ жаңалықтар

  • Жамбыл облысында өрт болып, бес бала қаза тапты

    Жамбыл облысында өрт болып, бес бала қаза тапты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қалалық онкологиялық орталығы Қазақстандағы онкологиялық диспансерлердің арасындағы ең мықтысы болып танылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңатастағы 5 бала көз жұмған өрттің алдын ала себебі айтылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Сапарбаев Жаңатастағы өрттен қаза болған 5 баланың ата-анасының шаңырағына барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 806 адам жұқтырған

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды
  • Сәтпаевтағы қыз зорлау оқиғасы: Жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот отырысы басталды
  • Ержан Жасыбаев Талдықорған әкімі болып тағайындалды

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.