Желіде тағы да көктен «у шашты» деген ақпарат тарай бастады

Желіде тағы да көктен «у шашты» деген ақпарат тарай бастады

Желіде көктен «химикат шашты» деген сипаттағы видео тарауда. деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолғы видеодағы «у шашушы» ұшақ Солтүстік Қазақстан облысы көгінен байқалған-мыс делінеді.

Stopfake.kz, шын мәнінде, бұл видеоның 2012 жылдың желтоқсанында түсіріліп, YouTube-та жарияланғанын айтады. Ту-204 ұшағының көкке көтерілген сәті Якутскіде түсірілген. Сол кезде ауа температурасы 45 градус аяз болған.

Оның артынан қалған із инверсия немесе конденсация деп аталады. Ол конденсацияланған ылғалдың – атмосфераның белгілі бір бөлігінде ұшу аппараттары соңынан атмосферада қалыптасатын тамшылар немесе мұз кристалдар.

– Бұл құбылыс тропосфераның жоғарғы қабаттарында жиі орын алады, ал тропопауза мен стратосферада өте сирек байқалады. Ауа температурасы төмен болғанда шағын биіктіктерде де байқалуы мүмкін, – делінген Википедияда.

Желі қолданушылардың ұшақтардың конденсациялық іздерін химикатпен шатастыруы бірінші рет емес.