Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді
«Қазгидромет» РМК 21-23 қараша күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqpress.
— Қазақстан аумағының көп бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалында болады, бірақ республикамыздың барлық өңірінде қар түседі, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты жауын-шашын күтіледі. Республикамыздың оңтүстік бөлігінде ауа температурасы орташа көпжылдық мәндерден 4 … 8 ℃-ға дейін төмендейді, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.