Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы коронавирус таралуы бойынша «сары аймаққа» енгенін айтты.
— Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары қауіп-қатердің орташа тәуекеліне ие – «сары зонада», — деді министр.
Министрдің айтуы бойынша, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы инфекция таралу қаупі жоғары «қызыл аймақта» тұр. Қалған өңірлер инфекцияның таралу қаупі төмен салыстырмалы түрде «жасыл аймақта».
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз