Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовпен қарым-қатынасы туралы айтып берді

Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовпен қарым-қатынасы туралы айтып берді

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram-дағы жазылушыларының сұрақтарына жауап берді.

Сабина Алтынбекова мен қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың арасында сезім бар деп топшылаған жұрт көп еді. Волейболшы қыз алғаш рет ашылып, алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды.

«Мен Қуатты өмірімде бір-ақ рет көргенмін. Онымен кездеспеймін», — деді сұлу спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында танымал файтер Қуат Хамитов аруға үйленгісі келетінін айтқан болатын. Сол уақыттан бері спортшылар желіде бір-біріне пікір қалдыруда.