Яндекс GO жүргізушісі такси шақыртқан клиентті соққан.
Бұл туралы зардап шеккен әйел фейсбуктегі «Алматы, хочу похвалить/пожаловаться» топқа жазды.
Үш апта бұрын Яндекс GО арқылы такси шақыртады. Такси келгенде ол сапар басталмай тұрып, жолақысын қолма-қол ақшамен төлеп қойған. Алайда жүргізуші әйелді межелі орынға дейін жеткізбейді.
Белгілі болғандай, олар сөзге келіп қалған соң көлік жүргізушісі нәзік жандыға қол көтеріп, шыны сынығымен әйелдің қолын тіліп жіберген.
Полицияға арызданса да, еш нәтиже жоқ.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз