Бұл туралы Nege.kz тілшісіне сенімді ақпарат көздері мәлімдеді. Оның хабарлауынша, «АТФБанк» АҚ Басқарма төрағасы Сергей Коваленко лауазымымен қош айтысып, оның орнына орынбасары қызметін атқарған Ермек Арғынов келді. Қазір банк өзінің серіктес компанияларына ресми хаттар дайындауда. Жақын күндері өзгерістер туралы ресми мәлімдеулері тиіс. Сарапшылардың болжауынша, АТФтың Jysan bankке қосылуы 6 айдан 12 айға дейін созылуы мүмкін.
Осының алдында Nege.kz жылдың басында «АТФБанк» АҚ капиталы 12,5 миллиард теңгеге өсіп, бар капиталының сомасы шамамен 131 миллиард теңгеге жеткенін жазған болатын. Бірақ тамыз айында белгісіз себептермен капиталдың сомасы азайып, қайтадан 11,9 миллиард теңгеге кеміп қалған. Капиталдың кемуі бойынша банк ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз