зорлық-зомбылық — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 28 May 2021 08:36:11 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png зорлық-зомбылық — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Асхат Аймағамбетов мектеп әжетханалары туралы айтты https://qazaqpress.kz/2021/05/28/ashat-ajmaghambetov-mektep-mektep-aezhethanalary-twraly/ https://qazaqpress.kz/2021/05/28/ashat-ajmaghambetov-mektep-mektep-aezhethanalary-twraly/#respond Fri, 28 May 2021 08:25:03 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=40941 Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов мектеп әжетханалары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews-ке сілтеме жасап.

«Әрине, әжетханалардың жылулығына қатысты талай сұрақтар шешілмеген. Бірақ Президенттің тапсырмасы бар екені баршамызға мәлім. Бір жыл бұрын ғана елде 1700 ашық дәретхана болған. Бір жылдың ішінде 1600 жылы дәретхана салынды. Жергілікті атқарушы органдар көптеген жұмыстар атқарды. Алайда, 100-ге жуық дәретхана мәселесі әлі де шешілмеген. Қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Біз кем дегенде 1 қыркүйекке дейін осы істі толықтай бітіруге мақсат қойдық. Ал жуырда біз бұл мәселені ҚР Балалар құқығын қорғау жөніндегі Комиссияда қарастырдық» – деді министр.

2019 жылдың қарашасында Тараздағы қалалық мектебінің бірінде 12-жасар қыз зорланған болатын. Жетінші сынып оқушысы география сабағында дәретханаға сұранып, шығып кеткен болатын және сол күні зорлық-зомбылыққа ұшырады.

Бақылау камералары қылмыскердің бір сағатқа жуық мектептің айналасында емін-еркін жүргенін түсіріп алды, бірақ білім беру мекемесінің бірде-бір қызметкері күдікті адамға назар аудармады. Елді дүрліктірген оқиғадан кейін мектеп директоры, директордың орынбасары, мұғалім және күзетші қызметінен қуылған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты мектепте болған оқиғаға байланысты қызметінен босату туралы бұйрық берді.

Облыс әкіміне ескерту жасалды. Айта кетелік, Қайрат Досаев қала әкімі қызметін 24 сәуірден бастаған болатын.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/05/28/ashat-ajmaghambetov-mektep-mektep-aezhethanalary-twraly/feed/ 0