журналист — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Sat, 20 Nov 2021 11:12:31 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png журналист — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Атақты журналист Виктор Кияница дүниеден озды https://qazaqpress.kz/2021/11/20/ataqty-zhwrnalist-kiyanica-duenieden-ozdy/ https://qazaqpress.kz/2021/11/20/ataqty-zhwrnalist-kiyanica-duenieden-ozdy/#respond Sat, 20 Nov 2021 10:41:25 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=43540 «Комсомольская правда — Казахстан» газетінің бас редакторы Виктор Кияница 57 жасында қайтты, деп хабарлайды Qazaqpress.

Виктор Кияница – «Алтын жұлдыз» байқауының лауреаты, Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты түсіндіріп, жариялағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының иегері (2019 ж.), ҚР Журналистика Академиясының академигі.

«Қазақстан журналистикасы тағы бір ауыр кезеңді бастан кешірді – отандық медиа саласының жетекші қайраткерлерінің бірі, дарынды редактор және медиаменеджер Виктор Кияница өмірден өтті», – деп көңіл айтты Аида Балаева, Қазақстан Республикасы ІІО басшысы өзінің Facebook парақшасында. – Виктор Витальевичтің туған-туыстарына, көптеген достары мен әріптестеріне шын жүректен көңіл айтамын. Жатқан жері жайлы болсын».

Кияница Виктор Витальевич 1964 жылы 4 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келді. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде журналистика мамандығын бітірді.

Журналистиканы «Комсомольская правда» газетінің тілшісі болып бастаған. 90-жылдардың басында «Московские новости» газетінің Қазақстан және Орта Азиядағы тілшісі болды, кейін «Огонёк» журналының Қазақстандағы тілшісі болып қызмет атқарды. 1997-1998 жылдары «Гала-ТВ» телекомпаниясының бас редакторы, 1998 жылы «Хабар» агенттігінің «Жеті күн» бағдарламасының жетекшісі болды.

1998-1999 жылдары Кияница Премьер-Министрдің баспасөз қызметін, одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру қорының қоғаммен байланыс орталығының баспасөз қызметін 2000-2001 ж.ж. басқарды.

2001-2002 ж.ж. «Мұнай және газ көлігі» Жабық Акционерлер Қоғамының қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы еді.

2002-2003 жылдары Қазақстандағы «Комсомольская правда» ЖШС бас директоры болды». Одан кейін қысқа мерзімді кәсіби демалыстан кейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

2005 жылы «Ел және әлем» газетінің бас редакторын және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі болды.

Ал соңғы қызметі «Комсомольская правда – Қазақстан» газетінің бас редакторы болды.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/11/20/ataqty-zhwrnalist-kiyanica-duenieden-ozdy/feed/ 0