жазба — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 10 Nov 2023 11:23:12 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png жазба — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Freedom Holding Corp. 2024 қ.ж. ІІ тоқсанындағы кірісі 2,4 есеге ұлғайды https://qazaqpress.kz/2023/11/10/freedom-holding-corp-2024-q-zh-ii-toqsanyndaghy-kirisi-24-esege-ulghajdy/ https://qazaqpress.kz/2023/11/10/freedom-holding-corp-2024-q-zh-ii-toqsanyndaghy-kirisi-24-esege-ulghajdy/#respond Fri, 10 Nov 2023 11:23:12 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=59395 10 қараша 2023,Алматы. — 2023 және 2022 жылдардың 30 қыркүйегінде аяқталған үш айда Freedom Holding Corp. кірісі тиісінше $435,6 млн және $180,1 млн болды. Есепті кезеңдегі түсім 2022 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған тоқсанға қарағанда айтарлықтай жоғары болды. Бұл негізінен пайыздық кірістердің, сауда бағалы қағаздарынан алынатын таза пайданың, екі кезең арасындағы сақтандыру компанияларынан алынатын кірістердің ұлғаюына және екі кезең арасындағы комиссиялық кірістердің ұлғаюына байланысты.

Осы тоқсанда 142% немесе $255,5 млн түсімнің негізгі өзгерістері мынадай факторларға байланысты болды:

• Холдингтің пайыздық кірістері 261%-ға немесе $154,1 млн-ға артты. Өткен тоқсандағыдай, бұл бағалы қағаздардың меншікті портфелінің, сондай-ақ берілген банк қарыздарының ұлғаюына байланысты. Екінші тоқсанда брокердің клиенттері маржиналды несиелеу арқылы өз позицияларын қаржыландыра отырып, белсендірек сауда жасауды жалғастырды.

• Сатылымдағы бағалы қағаздарынан түскен таза пайда 464%-ға немесе $41,8 млн-ға ұлғайды. Есепті кезең ішінде Freedom Holding Corp. сатылымдағы бағалы қағаздары бойынша $41,1 млн мөлшеріндегі пайдаға ие болды. Осы пайданың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің борыштық бағалы қағаздарын сату есебінен түсті. Сондай-ақ холдингтің 2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес сатылмаған бағалы қағаздар бойынша позицияларға байланысты жүзеге асырылмаған таза пайдасы $9,7 млн болды. Бұл пайданың басым бөлігі жоғарыда аталған министрліктің және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ борыштық бағалы қағаздарына тиесілі.

• Сақтандыру қызметінен түскен кіріс бизнестің осы бағытының кеңеюіне байланысты 121%-ға немесе $31,8 млн-ға өсті.

• Комиссиялық кірістер 34%-ға немесе $28,5 млн-ға өсті, бұл екі тоқсан арасындағы кезеңде холдингтің операциялық қызметінің жалпы өсуіне байланысты. Сонымен қатар бұл өсімге Paybox Technologies және оның еншілес компанияларында төлемдерді өңдеуден алынған табыс және төлем карталарына қызмет көрсету көлемінің ұлғаюына байланысты Freedom Bank банк қызметтерінен комиссиялық кірістердің артуы әсер етті.

2024 жылдың екінші тоқсанында Freedom Holding Corp. шығыстары 154%-ға немесе $182,6 млн-ға ұлғайды. Бұған пайыздық шығыстардың ұлғаюы ықпал етті. Оған бизнестің белсенді дамуы мен холдингтің кіріс әкелетін қызметі, сондай-ақ компанияларды сатып алу жөніндегі мақсаттардың ықпалдасуы себебінен жалақы мен сыйлықақының өсуі себеп болды.

Шығыстың өзгеруіне әсер еткен басты критерийлер:

• пайыздық шығыстардың $98,5 млн-ға немесе 241%-ға ұлғаюына осындай қаржыландыру көлемінің кеңеюіне байланысты РЕПО келісімдері арқылы қысқа мерзімді қаржыландыру бойынша олардың ұлғаюы, сондай-ақ клиенттердің депозиттері бойынша пайыздық шығыстардың өсуі әсер етті;

• жалақы мен бонустарға жұмсалатын шығыстардың 22,8 млн немесе 132%-ға өсуі холдинг қызметінің кеңеюіне және тұтастай алғанда жалдау мен сатып алу есебінен жұмыс күшінің артуына байланысты болды;

Холдингтің таза пайдасы $115,4 млн-ға жетті. Акциялардың 58,5 млн данадағы орташа өлшемді санынан есептелген бір FRHC акциясына шаққандағы пайда $1,97 болды. Басқа жиынтық кіріс $10,3-тен $87,8 млн-ға дейін ұлғайды.

Холдингтің активтері 2023 жылдың 31 наурызымен салыстырғанда 40%-ға – $5,085 млн-нан $7,138 млн-ға дейін өсті. Міндеттемелер 44%-ға – $4,314 млн-нан $6,224 млн-ға дейін ұлғайды.

2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша холдингтің брокерлік клиент шоттарының саны 434 мыңға жетті, бұл күнтізбелік жылдың 30 маусымындағы брокерлік клиенттік шоттардың санымен салыстырғанда 35 мыңға немесе 9% -ға көп.

Анықтама
*Есептілік валютасын қайта есептеуге байланысты резерв бойынша залал.
Холдингтің өзге жиынтық кірісіне/шығыстарына шоғырландыру кезінде еншілес компаниялардың функционалдық валюталарында көрсетілген қаржылық есептілік көрсеткіштерін қайта есептеу нәтижесінде туындайтын есептілік валютасының резервін қайта есептеу бойынша кірістер мен шығыстар енгізілген. Резервті есептеу кезінде активтер мен міндеттемелердің баптары есепті күнгі бағам бойынша қайта есептеледі, кірістер мен шығыстар баптары есептік кезеңдегі орташа бағам бойынша қайта есептеледі. Резервтің оң өзгеруі еншілес компаниялардың холдинг есеп беретін валютаға қатысты функционалдық валюталарының бағамының төмендеуі нәтижесінде туындайды.

Холдинг үшін фискалдық 2023 жыл 2023 жылдың 31 наурызында аяқталды.

Freedom Holding Corp - қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, инвестициялар мәселелері бойынша кеңес беруді, бағалы қағаздар саудасын, өзінің еншілес Freedom компаниялары арқылы инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Бүгінгі таңда холдингтің қарапайым акциялары Nasdaq Capital Market, KASE-де саудаланады.

Болжамды сипаттағы мәлімдемелерге қатысты ескерту

Бұл баспасөз хабарламасында болжамды мәлімдемелер бар. Олардың барлығы белгісіз сипатқа ие және жағдайларға байланысты өзгерістерге ұшырайды. Болжамды мәлімдемелер болашақ нәтижелердің немесе көрсеткіштердің кепілі емес және болжамды мәлімдемелерде сипатталған немесе күтілетін оқиғалардан немесе нәтижелерден айтарлықтай ерекшеленетін нақты оқиғалардың немесе қорытындылардың нәтижесінде туындауы мүмкін тәуекелдер мен белгісіздіктермен ұштасады. Осындай болжамды мәлімдемелерге елеулі әсер етуі мүмкін факторларға Бағалы қағаздар және қор нарығы жөніндегі мемлекеттік комиссияда сақталатын холдингтің мерзімді есептерінде анықталған белгілі бір экономикалық, коммерциялық және нормативтік тәуекелдер мен факторлар жатады. Барлық болжамды мәлімдемелер осы баспасөз релизі шығарылған күні ғана жасалған және холдинг кейінгі оқиғаларды немесе мән-жайларды көрсету үшін болжамды мәлімдемелерді жаңарту бойынша міндеттемелерді өзіне алмайды. Оқырмандар бұл болжамды мәлімдемелерге шамадан тыс сенбеуі керек.

The Nasdaq Capital Market осы баспасөз хабарламасының мазмұнын бекітпеді де, қабылдаусыз қалдырмады да.

ДЕРЕККӨЗ: Freedom Holding Corp.
]]>
https://qazaqpress.kz/2023/11/10/freedom-holding-corp-2024-q-zh-ii-toqsanyndaghy-kirisi-24-esege-ulghajdy/feed/ 0
Өмірден озған Darkhan Juzz-дің жары күйеуіне әсерлі естелік жазды https://qazaqpress.kz/2023/02/27/oemirden-ozghan-darkhan-juzz-ding-zhary-kuejewine-aeserli-estelik-zhazdy/ https://qazaqpress.kz/2023/02/27/oemirden-ozghan-darkhan-juzz-ding-zhary-kuejewine-aeserli-estelik-zhazdy/#respond Mon, 27 Feb 2023 08:04:59 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=51258 Таиландта қайтыс болған Darkhan Juzz лақап атымен танымал қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің жұбайы Instagram желісінде марқұмға арнап әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews-ке сілтеме жасап.

«Сен көз тиіп кетеді деп суреттерімізді жариялама дейтінсің. Менің, бала-шағаның маңдайларына күйе жағып қоятынсың. Маған әрқашан қолқанат болып, көмектесіп жүретінсің әсіресе балалар дүниеге келген кезде. Оның қандай музыкант болғанын бәрі біледі. Бірақ, оның қандай тамаша жар, әке және ұл болғанын білетіндер аз. Ал, үйге дейін шығарып салған кездеріңде: «Күйеуің боламын, досың боламын, ағаң да, әкең де боламын» дегенің есімде», – деп жазды жесір.

… Айтқаныңның бәрі есімде. Соңғы сөздерің: «Кешіріңдер, уәде берсем де, келуге уақыт таппай отырмын. Мен студиядамын. Қолым босамай жатыр, жұмыс көп. Бірақ, міндетті түрде бәрін тындырған соң уақыт бөлемін», – деп қосты ол.

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/02/27/oemirden-ozghan-darkhan-juzz-ding-zhary-kuejewine-aeserli-estelik-zhazdy/feed/ 0
Алтынай Жорабаева қиындықтардан қалай өтті? https://qazaqpress.kz/2021/10/18/altynaj-zhorabaeva-qiyndyqtardan-qalaj-oetti/ https://qazaqpress.kz/2021/10/18/altynaj-zhorabaeva-qiyndyqtardan-qalaj-oetti/#respond Mon, 18 Oct 2021 08:25:13 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=43173 Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева өткен өмірі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Көпбалалы ана көпшілікке өткенді ойламай, бүгінгі күнмен өмір сүруге кеңес берді.

Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында өткенге өкінбеу керек екенін айтып, әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі өмірінде орын алған қиындықтары туралы сыр шертіп, оларды қалай еңсергенін айтып берді.

«Адамдардың 85%-ы қайтыс болар алдында «Армандаған өмірімді сүре алмадым» деп өкінеді екен.

«Неге біреудің ойымен өмір сүрдім?!» Яғни, анау не ойлайды? Мынау не айтады? Кімде кімнің не шаруасы бар?! Ал сенде «шаруасы бар» адамның миында тарақаны көп. Өмірінде проблемалар көп. Өзінің өміріндегі проблеманы басқа біреуден іздеп, тауып, соны талқылайды. «Көрдіңіздер ме? Мен ғана емеспін» дегендей. Себебі, оның ниеті сондай», деп жазды ол.

Эстрада жұлдызы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

«Адамдардың 70%-ы бала-шағама дұрыс көңіл бөле алмадым деп өкінеді екен. Өткен өміріңіздегі барлық жағдайға «Аллаға шүкір, қайыры, Алла бізден жақсы біледі» деңіз де, «Аллаға мың алғыс» деп, бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Бәрібір өткенді қайтара алмайсыз. Әрекет сізден, берекет Алладан. Өмір тамаша», — деп қорытындылады әнші.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/10/18/altynaj-zhorabaeva-qiyndyqtardan-qalaj-oetti/feed/ 0
Саят Медеуов коронавирус жұқтырды https://qazaqpress.kz/2021/10/04/sayat-medewov-koronavirws-zhuqtyrdy/ https://qazaqpress.kz/2021/10/04/sayat-medewov-koronavirws-zhuqtyrdy/#respond Mon, 04 Oct 2021 07:02:49 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=42994 Отандық танымал әнші Саят Медеуов Instagram әлеуметтік желісінде COVID-19 жұқтырып алғанын жазды, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Эстрада жұлдызы өзінің Instagram парақшасында дертке шалдығып, үйінде ем алып, уақытын өткізіп алғанын айтты. Сырқаттанып қалған әнші көпшілікті сақтануға шақырып, өзін емдеген дәрігерлерге алғысын білдірді.

— Ассалаумағалейкүм құрметті ағайын! Баршаңызға тілерім ауырмаңыздаршы! Жылы жүріңіздер, имуниттеттеріңізді түсірмеңіздер. Қалай ауырғанымызды білмей қалу қаупі қатты. Тез өршиді екен. Қазіргі таңда емдеуге болады, тек үйден ем аламын деп, уақытты өткізіп алдым. Осы дерттен айығуыма үлкен себепкер болған Қалқамандағы N 1 қалалық клиникалық емхананың ақ халатты абзал жандарына алғысым шексіз.

Ертерек емханаға жүгініп анализ арқылы ем жасаған дұрыс деп ұқтым. Жанашырлық сезімдеріңізді ояту үшін емес, басымнан өткенді жазып, емделіп шыққанымды айтып сіздерге де пайдасы болса екен дегім келді. Ойым қате болса кешіріммен қараңыздар, Еліміздің басына түскен осы нәубет мәңгіге жоқ болуына тілектеспін! Ауырмаңыздаршы – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіге тезірек сауығып кетуін тілеп, өз қолдауын білдірді.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/10/04/sayat-medewov-koronavirws-zhuqtyrdy/feed/ 0
Димаш Құдайберген Қытайға оралды https://qazaqpress.kz/2021/09/29/dimash-qudajbergen-qytajgha-oraldy/ https://qazaqpress.kz/2021/09/29/dimash-qudajbergen-qytajgha-oraldy/#respond Wed, 29 Sep 2021 05:13:15 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=42932 Күллі әлемге танылған ғажайып дауыс иесі Димаш Құдайберген екі жылдан соң Қытайға оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі халықаралық аренада шығармашылығын барынша дамытпақ.

Эстрада жұлдызы Қытайда бірқатар жоспарларын іске асыруды мақсат етіп отыр және өзінің Instagram парақшасында бұл күнді екі жыл бойы асыға күткенін хабарлаған болатын.

— Достар сіздермен жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Араға екі жыл салып, әлемдік шоу-бизнестегі жұмысымды жалғастыру мақсатында мен Қытайға қайта оралдым. Халықаралық карантин кесірінен біз бұл кездесуді екі жыл бойы күттік. Мен бір ай оқшауланып жаттым. Сол аралықта көптеген жоспарларды дайындап қойдым. Олардың барлығын біз командамызбен бірге Қытайға іске асыратын боламыз.

Мен әлемнің барлық елдеріндегі түрлі концерттік шаралары және телевизиялық жобаларына қатысатын боламын (ол елдерде карантин салдарынан концерттерге тыйым болмаса). Әлемдегі карантин менің жоспарларымды айтарлықтай өзгертті. Алайда, осы сәттен бастап мен сіздерді өз шығармашылығыммен одан бетер қуантатын боламын. Сіздерді жақсы көремін – деп жазды ол.

Өнер иесінің жанкүйерлері әншіге қолдау білдіріп, оған сәттілік тіледі. Олар Димаштан жаңа әндерді асыға күтетіндерін айтты.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/09/29/dimash-qudajbergen-qytajgha-oraldy/feed/ 0
KeshYou тобының бұрынғы әншісі жеке өмірі туралы айтты https://qazaqpress.kz/2021/09/20/keshyou-tobynyng-burynghy-aenshisi-zheke-oemiri-twraly-ajtty/ https://qazaqpress.kz/2021/09/20/keshyou-tobynyng-burynghy-aenshisi-zheke-oemiri-twraly-ajtty/#respond Mon, 20 Sep 2021 06:27:16 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=42829 KeshYou тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова күйеуімен ажырасқалы жүргені туралы өзінің Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

2018 жылдың қазан айында тұрмысқа шыққан әнші бүгінде екі ұлды дүниеге әкелді. Алайда, соған қарамастан әнші жеке өмірінде әлдебір қиындықтары жайлы желіде жазба жариялаған болатын.

— Құдай маған барлығын берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты – деп жазды ол.

Желі оқырмандары әншінің жазбасына қатысты өз пікірлерін білдірді.

— Не болып қалды. Әп-әйбат күйеуіңіз, екі ұлыңыз бар еді? – деп алаңдаушылық білдірген оқырманына Элизат:

— Өмір болғаннан кейін, бәрі болады екен ғой – деді әнші.

Әншінің Instagram парақшасының оқырмандары оны қолдап, жұбатты.

Айта кетелік, Элизат сахнадан түсіп, шоу бизнеске оралғысы келмейтінін айтқан еді. Бүгінде ол сән салонын ашып, бет әрлеуші болып жеке ісін бастады.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/09/20/keshyou-tobynyng-burynghy-aenshisi-zheke-oemiri-twraly-ajtty/feed/ 0
Әсел Сәдуақасова дәрігердің бір сөзі өмірін өзгерткенін айтты https://qazaqpress.kz/2021/09/08/aesel-saedwaqasova-daerigerding-bir-soezi-oemirin-oezgertkenin-ajtty/ https://qazaqpress.kz/2021/09/08/aesel-saedwaqasova-daerigerding-bir-soezi-oemirin-oezgertkenin-ajtty/#respond Wed, 08 Sep 2021 07:13:56 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=42698 Танымал қазақстандық әртіс Әсел Сәдуақасова өмірге деген көзқарасын өзгерткен оқиғасы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Тыным таппай еңбек еткен әртістің денсаулығы сыр бере бастады.

Әртіс өзінің Instagram парақшасында әңгімесін айтты. Өнер иесінің сөзінше, денсаулығының нашарлауына байланысты қазіргі таңда ол өзіне көңіл бөліп, өмірлік құндылықтарын қайта қарастырды.

— Менің бұлай өзгеруіме не себеп? Күнде маған оқырмандардан осындай сұрақтар келеді. Неліктен ерте тұрамын? Психологияны неге зерттей бастадым? Қазіргі күйіме қалай келдім? Алдымен бұған дейін не болғанын, мні өзгеріске не итермелегенін айта кетейін. Мен, шынымды айтсам, тыным таппай еңбек еттім. Кинотуындыларға түсіп, өз тыңдармандарыма ән айтудан жалықпайтынмын. Бірақ күн өткен сайын жағдайым нашарлап кеткенін сездім.

Ұйқым бұзыла бастады. Тіпті мүлдем ұйықтамайтын болдым. Етеккірім де бұзылды. Нәтижесінде, күйзелістен 12 келі салмақ қостым. Ештеңеге зауқым соққан жоқ. Әдемі киім кию, өзіме қарау мүлдем көмектескен жоқ. Тіпті айнаға қарағым келмейтін еді – деп жазды әртіс өз жазбасында.

Дәрігердің бір ауыз сөзі әртісті тәубесіне келтіріп, денсаулығы мен өміріне деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік берді.

— Дәрігерімнің «Бұл түріңізбен әрі кетсе, бір жарым жылға шыдайсыз» деген сөзі барлығын өзгертті – деді Әсел.

Бүгінде Әселдің желідегі оқырмандары оның өзгеріп кеткенін жиі жазуда. Әртіс әсерлі жазбалар жазып, таңғы бесте тұрып жүргенін байқады.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/09/08/aesel-saedwaqasova-daerigerding-bir-soezi-oemirin-oezgertkenin-ajtty/feed/ 0