жаңа қызмет — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Wed, 30 Jun 2021 06:55:31 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png жаңа қызмет — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Ақбота Сейітмағамбет тележурналистикаға бет бұрды https://qazaqpress.kz/2021/06/30/aqbota-sejitmaghambet-telezhuergizwshilikke-bet-burdy/ https://qazaqpress.kz/2021/06/30/aqbota-sejitmaghambet-telezhuergizwshilikke-bet-burdy/#respond Wed, 30 Jun 2021 06:20:42 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=41529 Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет әншілік пен актерліктен бөлек, енді өзін жаңа қырынан таныстырмақ, деп хабарлайды Qazaqpress KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі тележүргізушілікке бет бұрды.

Ақбота Сейітмағамбет «Алматы» телеарнасындағы «Таңғы хабар» бағдарламасының жүргізушісі болды. Кино-әртіс жаңа қызметі жайлы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Таңғы хабар» бағдарламасында алғашқы күн сәтті өтті! Ат салысқан командаға алғысым шексіз», – деп жазды өнер иесі.

Ару әнші аталмыш бағдарламаны белгілі отандық әртіс Шерхан Пірназаровпен бірге жүргізеді. Шерхан да әлеуметтік желі арқылы өзінің жаңа әріптесін таныстырды.

Желі қолданушылары Ақботаны жаңа бастамасымен құттықтап, қызметінде сәттілік тіледі. Олар өнер иесінің қатысуымен болатын эфирді асыға күтетіндерін жазып, ілтипат білдірді. Сонымен қатар кейбір оқырмандар әртістің өнер саласынан кетіп қалатынына алаңдаған болатын. Алайда, жанкүйерлерінің басым бөлігі Ақбота жұмысын қатар алып жүретініне күмән келтірмеді.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/06/30/aqbota-sejitmaghambet-telezhuergizwshilikke-bet-burdy/feed/ 0