жабылу — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Tue, 08 Mar 2022 07:24:56 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png жабылу — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Қазақстанда 1 сәуірден бастап Kinopark кинотеатрлары жабылуы мүмкін https://qazaqpress.kz/2022/03/08/qazaqstanda-1-saewirden-bastap-kinopark-kinoteatrlary-zhabylwy-muemkin/ https://qazaqpress.kz/2022/03/08/qazaqstanda-1-saewirden-bastap-kinopark-kinoteatrlary-zhabylwy-muemkin/#respond Tue, 08 Mar 2022 06:27:47 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=44873 Әлеуметтік желіде Kinopark & ​​Kinoplexx басшысы Алмаз Малдыбаев кинотеатрлар желісінің уақытша жабылатынын айтқан видео пайда болды, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Әртіс әрі продюсер Құралай Анарбекова Instagram парақшасында Малдыбаевпен өткізген қысқаша сұхбатымен бөлісті.

«Өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін ірі Голливуд компаниялары бізге фильмдерді беруден бас тартып отыр, ал бізде 1 сәуірден бастап көрсететін ештеңе жоқ.

Сондықтан Kinopark & ​​Kinoplexx 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге жабылуға мәжбүр. Кешіріңіздер, бірақ бұл өмірдің ащщы шындығы», – деді Алмаз Малдыбаев.

Компанияның ресми сайтында Kinoplexx кинотеатрлар желісімен бірге жұмыс істейтін Kinopark Theaters компаниясы Қазақстанның барлық ірі қалаларын қамтитын Орталық Азиядағы ең ірі кинокомпания болып табылады.

Кинотеатрлар желісі 2005 жылы құрылған және бүгінде 72 зал, 10147 орыны бар ірі кинотеатрлардың біріне кіреді.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/03/08/qazaqstanda-1-saewirden-bastap-kinopark-kinoteatrlary-zhabylwy-muemkin/feed/ 0