заң жобасы — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Mon, 26 Dec 2022 09:36:04 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png заң жобасы — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 ҚР Әділет министрлігі «Тұңғыш Президент туралы» заңының күші қашан жойылатынын айтты https://qazaqpress.kz/2022/12/26/qr-aedilet-ministrligi-tungghysh-prezident-twraly-zangynyng-kueshi-qashan-zhojylatynyn-ajtty/ https://qazaqpress.kz/2022/12/26/qr-aedilet-ministrligi-tungghysh-prezident-twraly-zangynyng-kueshi-qashan-zhojylatynyn-ajtty/#respond Mon, 26 Dec 2022 09:32:58 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=50430 Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет вице-министрі Алма Мұқанова «Тұңғыш Президент туралы» заң қашан өзектілігін жоғалтады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл мәселені негізі журналистер көтерген болатын және бұған дейін билік «Тұңғыш Президент туралы» заңның күшін жыл соңына дейін жоямыз, деп уәде еткенін еске салған еді. Алайда, Парламент өкілдері үкімет әзірге тиісті заң жобасын әзірлеп жатқан жоқ деп мәлімдеді.

Журналистер «Тұңғыш Президент туралы» заңын жою жобасы қашан әзірленетінін сұраған кезде Әлілет вице-министрі Алма Мұқанова:

«Жалпы, заңнаманы, оның ішінде «Тұңғыш Президент туралы» заңын қайта қарастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, сондықтан біз қайта қарау процесі аяқталған кезде ғана нақты ақпарат бере аламыз. Бірақ, тікелей үкіметтің бастамасымен тиісті заң жобасы әзірленіп жатқан жоқ. Әзірге қазір тек ревизиондық материалдармен жұмыс істеп жатырмыз», – деді.

[Авт. анықтамасы] Ревизионизм – нақты бір саяси-қоғамдық қозғалыстардың арқасында саяси жүйенің кейбір тұстарын қайта қарастыру мүмкіндігі.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/12/26/qr-aedilet-ministrligi-tungghysh-prezident-twraly-zangynyng-kueshi-qashan-zhojylatynyn-ajtty/feed/ 0
Ресми мәлімдеме: 1 желтоқсан – Бірінші Президент күні жойылды https://qazaqpress.kz/2022/09/22/resmi-maelimdeme-1-zheltoqsan-birinshi-prezident-kueni-zhojyldy/ https://qazaqpress.kz/2022/09/22/resmi-maelimdeme-1-zheltoqsan-birinshi-prezident-kueni-zhojyldy/#respond Thu, 22 Sep 2022 09:44:34 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=49185 Сенат мүшелері 25 қазанды Республика күні атты ұлттық мерекеге айналдыратын түзетуді қолдап, дауыс берді. Заң жобасы бірнеше түзетуді қамтитын үлкен бөлім. Оның ішінде бұрын 1 желтоқсанда тойланған Тұңғыш Президент күнін жою туралы да бөлім қарастырылған, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілді.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес 25 қазан Республика күні атты мемлекеттік мерекеге, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні атты мемлекеттік мерекеге айналады.

Сондай-ақ ұсынылған түзетулерде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесі мемлекеттік мерекелер тізімінен жойылды. Ұсынылған заң жобасы президенттің бекітуіне жіберіледі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 25 қазанды мемлекеттік мереке ретінде қабылдағанымыз мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам екенін айтты. Бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деген үмітте ол.

Еске сала кетелік, Қазақстан президенті Республика күнін қайтадан мемлекеттік мереке ретінде қабылдауды ұсынған болатын.

25 қазан – Республика күні

Президент Республика күні еліміздің алға жылжуына көмектесетін қайраты мен мемлекеттілік жолындағы табандылықтың символы болу керек деп есептейді. Сонымен қатар, ол Тәуелсіздік күні ең басты мемлекеттік мереке екенін және мерекеде тәуелсіздікке қол жеткізуге үлкен үлесін қосқан ұлттық батырларымызға да тағзым етуіміз керек деп ойлайды.

Республика күні бұрын Қазақстанда ұлттық мереке деп саналған жоқ еді. Ол 25 қазан – 1990 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған күні ғана тойланған болатын. Бүгіннен бастап енді тәуелсіздік күнімен қатар 25 қазан да демалыс күні деп қабылданатын болады.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/09/22/resmi-maelimdeme-1-zheltoqsan-birinshi-prezident-kueni-zhojyldy/feed/ 0