Виталий Пустовойтенко — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 11 Jun 2021 05:53:15 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png Виталий Пустовойтенко — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Шаһар тірлігі жанданды https://qazaqpress.kz/2021/06/11/shahar-tirligi-zhandandy/ https://qazaqpress.kz/2021/06/11/shahar-tirligi-zhandandy/#respond Fri, 11 Jun 2021 05:46:26 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=41166 Қазақстанда кинотеатр, караоке және бірталай қоғамдық ас ішетін жерлер біртіндеп жұмыстарын жандандыра бастады — деп хабарлайды Qazaqpress

Жеке кәсіп иелері «Ashyq» смартфондық бағдарламасы арқылы қоғамдық шоғырлану орындарында кіріс-шығысты қадағалайды. Әзірге бағдарлама тек пилоттық нұсқасында шығарылып отыр, бірақ Қазақстан бойынша кең өндіріске енгізіле бастады.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе, Тараз және Талдықорған қаласындағы қоғамдық орындардың жұмысы 14 сәуірден бастап Ashyq бағдарламасының пилоттық нұсқасы аясында жанданған еді. 26 сәуірден бастап «Ashyq» жобасы ҚР-ның Бас санитар дәрігерінің құжатындағы бұйрығына сай күллі Қазақстан бойынша жұмысын жалғастырды, ал 5 мамырдан бері барлық қоғамдық мекемелердің жұмысы толық қалпына келді.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, қазір Үкімет 2 миллион қазақстандыққа ай сайын екпе салдыруына жағдай жасауда, ал үкімет басшысы мен денсаулық сақтау министрінің Президентке берген есебі бойынша Ashyq бағдарламасы дүйсенбіден бастап Қазақстанның барлық аудандарында жұмыс жасайды делінген. Өз кезегінде – бұл экономиканың әр түрлі салаларында «қызыл» және «сары» аймақтар ішінде қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтты. Алайда бұл шынымен солай ма?

Ashyq мобильді қосымшасы QR код пен ПТР мәліметтер базасымен интеграциялау арқылы келушінің қауіпсіздік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, үлкен және шағын кәсіптер санитарлық шаралар жүргізіліп, қосымша бақылауға алынады» — делінген ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында.

Дегенмен «Бағдарламаның меншік құқығы жақында министрлікке берілді, енді Ashyq жүйесі мемлекетке тиесілі, ал мемлекет ретінде біз бұл жүйеге иелік етеміз. Цифрлық жүйе «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұлттық операторына қолдау көрсету үшін берілді. Енді «ҰАТ» АҚ-ның техникалық мамандары «Ashyq» жүйесін толықтай басқаратын болады» деген болатын Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Әсет Тұрысов.

Ең қызығы, «DIGITAL INNOVATION & TRANSFORMATION» ЖШС ресми құжаттарға сүйенсек, кіші өнеркәсіп ретінде 2018 жылдың 8-ші маусымында тіркелген болатын және «Digital Innovation & Transformation» ЖШС директорының орынбасары Виталий Пустовойтенконың берген сұхбатында «Ashyq» мобильді қосымшасы карантин шаралары кезінде Үкімет басшыларының жұмысын жеңілдетіп, COVID-19 симптомдарын анықтаудағы арнайы қызмет жүйесін ұсынбақ екенін айтты. Дегенмен шағын өнеркәсіптің тіркелу мерзімі оның kursiv.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатымен ұйқаспайды. Мәселен, «Өткен жылы билік пандемияға байланысты карантин қауіпсіздік шараларына баруға мәжбүр болған кезде, мен өз жұмысымда карантиннің экономикалық зардабынан құлдыраған өтініштері бар кәсіпкерлермен бірнеше рет кездестім. Біз бизнеске де, тұрғындарға да көмектесу мүмкіндігін іздедік. Қызмет көрсету салаларының кәсіпкерлеріне өз кәсібін қайта жандандыруы үшін тұтынушының деңгейін анықтап, қызмет көрсету не көрсетпеу шешімін қабылдау үшін жүйелі құрал керегі айдан анық. Сондықтан 2020 жылы біздің топ қысқа мерзімде Нұр-Сұлтан мен өзге аудандарда мәселенің цифрлық шешімдерін тапты. Біз COVID-19 пациенттері мен контактілерінің үй карантиніне мониторинг жүргізу жүйесін, қаладан немесе облыстан тыс жерлерге кетуге рұқсат сұратуын, коммуналдық қызметтер үшін өтемақы алуға өтініштер беру мен бақылау жүйесін жасадық – деген еді. Оның үстіне мемлекет Үкіметі «Ashyq» мобильді қосымшасын белсенді түрде енгізіп жатқанмен, Нұр-Сұлтан қаласындағы кәсіпкерлердің басым бөлігі жүйенің орнатылуын ұзақ күту қажет екенін айтады, ал кейбіреулері тіпті, бұл бағдарламаны мүлде қолданбайтыны анықталды.

Карантиндік шектеулер кезінде ең көп зардап шеккен азаматтар Ashyq мобильді қосымшасын пайдаланып, коронавирустық инфекцияны таратпау тұрғысынан мекеме қызметкерлерінің қауіпсіздік деңгейі жайлы жақсы пікірде. Бірақ директор орынбасарының пайымдауынша «Ashyq» бағдарламасы расымен де тек қызмет көрсету жүйесін жеңілдетуге бағытталған ба?

Коронавирусқа қарсы екпенің толық өтілімінен кейін Қазақстан азаматы COVID-19-дың белгілері бар адаммен байланысқа шықты және полимеразды тізбекті реакция (ПТР) сынағы теріс нәтиже көрсеткеніне қарамастан, азаматтың Ashyq мобильді қосымшасындағы деңгейі «көктен» «сарыға» өзгерді. Енді ол Павлодарға үйіне орала алмай отыр. Бірақ Виталий Пустовойтенконың бізге берген сұхбатында ол «Ashyq» бағдарламасында ақаулықтар болуы мүмкін еместігін айтты және өз сөзін «ПТР тексерісінің құжатын алғаннан кейін, адам әлі 14 күн бойы үйде карантин режимін сақтау қажет» деп қуаттады.

Қалай дегенмен халықтың басым бөлігінде жобаға наразылығы жоқ, ал мобильді қосымшаның айтарлықтай үлкен зияны әзірге байқалмайды.

Рамазан Есмағамбет

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/06/11/shahar-tirligi-zhandandy/feed/ 0