тұсаукесер — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Fri, 16 Jul 2021 12:58:35 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png тұсаукесер — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Артық шығынсыз: ForteBank жаңа төлем карталарын ұсынды https://qazaqpress.kz/2021/07/16/artyq-shyghynsyz-forte-bank-zhanga-toelem-kartalaryn-usyndy/ https://qazaqpress.kz/2021/07/16/artyq-shyghynsyz-forte-bank-zhanga-toelem-kartalaryn-usyndy/#respond Fri, 16 Jul 2021 08:26:12 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=41821 ForteBank бірден үш ерекше төлем картасын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Банктік карталардың қолданушылары комиссиялық төлемдерден құтылу үшін, ақшаны өз банкінің банкоматынан шешкен абзал екенін біледі. Бұл мәселе «өз» банкоматтары жоқ болғандықтан, шетелде де өзекті. Сонымен қатар, басқа банктердің карталарына немесе басқа қызметтерге де аударымдар жасау үшін төлемдер бар. Комиссия мөлшері әдетте аз болғанымен, банк қызметін жиі қолданған сайын, банкке соғұрлым көп төлейсіз.

Өкінішке қарай, Қазақстанда өз қызметтерін комиссиясыз ұсына алатын және картаны басқа банкоматтарда тегін пайдалану құқығын ұсынатын банктер көп емес.

Бірақ ForteBank осы шектеулерді бұзуға бел буды және осы жазда нарыққа бірден-бір қызметтердің тізбесі бар үш картаны шығарды, оның ішінде Қазақстандағы және әлемдегі кез-келген банкоматтан қолма-қол ақша алу мүмкіндігі де бар.

ForteBank нарықтық зерттеулер жүргізіп, клиентпен өзара әрекеттесуді мүмкіндігінше жеңілдетуге тырысып, стратегиясын өзгертуді жөн көрді.

— Біз 1000-нан астам клиенттен пікір-сұхбат алып, олардың қандай қызметтерге ие болғысы келетінін анықтадық. Пандемия кезінде үйден шықпай-ақ картаны ашып, барлық операцияларды қосымша немесе компьютер арқылы жүргізу – өзекті мәселе еді. Біздің карталар кез-келген жерден ашылып, бірден қолданысқа тұрарлық – деді ForteBank басқарма төрағасының орынбасары Владимир Кирушко.

Жаңа карталардың басты ерекшелігі олардың әмбебаптығы мен жаңа мүмкіндіктерінде жатыр.

ForteBlack картасында несиелік және дебеттік карталардың мүмкіндіктері біріктірілген. Иесі 5 миллионға дейінгі кепілдігі жоқ несиеге және 3 миллион теңгеге дейінгі несиелік лимитке қол жеткізе алады. Онымен қоса, ForteBlack картасының тұтынушысы тауар бағасын телефон қосымшасынан бөліп-бөліп төлей алады. Банктің хабарласы бойынша, қолма-қол ақша алу үшін комиссия ұсталмайды.

— Абоненттік төлем мүлдем жоқ — бұл сіздің картаңыз, сіз оны неге төлейсіз? 500 000 теңгеге дейін қолма-қол ақша алу үшін комиссия қарастырылмаған. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемдегі кез-келген банктің кез-келген банкоматында бар. Қазақстандағы барлық банктердің карточкаларына аударымдар жасау үшін комиссия ұсталмайды — сіз миллион теңгеге дейін аударым жасай аласыз. Сондықтан енді комиссиясыз аудару үшін сізге әр түрлі банктердің карталарында ақша сақтаудың қажеті жоқ – деді жоба жетекшісі Асель Чегимбаева.

Несиелер мен тауарларды бөліп-бөліп алғысы келмейтіндер үшін, ForteBlue дебеттік картасына жүгіне алады. Сондай-ақ, әлемнің кез-келген нүктесінде 500 мың теңгеге дейін қолма-қол ақша алу және қазақстандық банктердің кез-келген картасына 1 миллион теңгеге дейін аудару үшін, комиссиялық ақысыз қызмет көрсетіледі. ForteBlue картасы күнделікті қолдануға жарамды, 15% -дан, 30% -ға дейін ақшаны қайтарып береді.

Банктің зерттеулеріне сәйкес, енді көпшілік банк менеджерлерімен байланысуға ұмтылмайды, бірақ барлық мәселелер жеке тәсілмен компьютер немесе телефон қосымшасы арқылы шешілуін қалайды. Мұндай адамдар үшін ForteSolo картасы жасалды.

— Әрбір карта ұстаушының өзінің жеке менеджері бар, ол көптеген құқықтық мәселелерді шешеді. Сіз онымен телефон арқылы немесе мессенджердің чатында байланыса аласыз. Ол несиелерді рәсімдеу және басқа мәселелер бойынша кеңес береді. ForteSolo иелері әлемдегі кез-келген банктен қолма-қол ақшаны тегін ала алады (миллион теңгеге дейін) және Қазақстандағы кез-келген банктің карталарына ақша аудара алады (3 миллионға дейін) – деді таныстырылым презентациясында.

ForteSolo картасының басты айырмашылығы — оның қызмет көрсетуінде. Менеджер арқылы тұтынушы банкке қатысты мәселелерді бір күнде шеше алады. Оған қоса «Телемедицина» қызметі қосылды, мұнда чатта кез-келген уақытта дәрігерлермен байланысуға мүмкіндік бар.

Өмірді сақтандыру, сатып алғандарыңызды жоғалтудан, ұрлықтан немесе бұзылудан сақтандыру, тіпті кешіктірілген рейстер мен багажды сақтандыру қызметі бар. ForteSolo картасының иелері әлемдегі көптеген әуежайлардың демалыс аймақтарына кіре алады. «Personal Concierge» бағдарламасы сізге көптеген кішігірім, бірақ маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі.

Егер ай сайын 100 мың теңгеден астам сомада сатып алулар жасалса, картаның қызметі тегін.

Сонымен қатар ForteBank өз клиенттерінің қауіпсіздігін қаматамасыз етеді. Барлық карталарда иесінің аты-жөні, сондай-ақ CVV коды жетіспейді, ол мобильді қосымшада тек карта иесіне көрсетіледі. Бұл картаны рұқсат етілмеген адамдар пайдалана алмайды.

Жаңа банктік карталардың негізгі қолданушылары ретінде тек дәулетті адамдар емес көрінеді.

— Шынтуайтында, біз өзіміздің позициямызды қайта қарап шықтық және сол ForteBlack-тың негізгі аудиториясы 25 жастан асқан адамдар деп ойлаймыз. Бұл карта көзге түсуге ұмтылмай, мақсатына тек өздері жететіндер үшін арналған. Сондықтан ол барлық мәселелерді бірнеше минутта шешуге болатын әмбебап құрал болып табылады – деді В. Кирушко.

Үш картаның дизайнында ақпарат аз көрсетілген және қатаң. Алдыңғы жағында тек банктің және карта өндірушінің логотипі бар. Артында магниттік лента және сатып алуларға арналған QR-код бар. Карточка иесінің аты немесе басқа ақпарат жоқ. Карталардың дизайнындағы айырмашылық тек түстерінде — атауларынан көрініп тұрғандай, олар қара және көк, ал ForteSolo күміс түсті.

Біз жаңа өнімдерге қанша жаңа мүмкіндіктер қосқандығымызбен емес, жетіспейтін нәрселермен мақтанамыз. Тіпті банкке келмей, қызмет көрсетуге арналған комиссия және несие рәсімдеу мүмкіндігі де мысал – деді В. Кирушко таныстырылым презентациясында.

Жаңа карталардың тұсаукесері бір уақытта онлайн форматта және Forte Demoday кездесуі аясында өтті. Қонақтар дереу жаңа карталарға тапсырыс бере алады және менеджерлер мен ForteBank басшылығына тікелей жаңа өнімдер туралы сұрақтар қоя алады.

  • ForteBlack
  • ForteBlue
  • ForteSolo

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/07/16/artyq-shyghynsyz-forte-bank-zhanga-toelem-kartalaryn-usyndy/feed/ 0