тұрғындар — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Wed, 16 Jun 2021 10:22:36 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png тұрғындар — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Алматылықтар түнде барахолка маңындағы жолды бөгеп тастады https://qazaqpress.kz/2021/06/16/almatylyqtar-tuende-baraholka-mangyndaghy-zholdy-boegep-tastady/ https://qazaqpress.kz/2021/06/16/almatylyqtar-tuende-baraholka-mangyndaghy-zholdy-boegep-tastady/#respond Wed, 16 Jun 2021 09:26:56 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=41269 Алматылықтар түнде барахолка маңындағы жолды бөгеп тастады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға кеше түнде Солтүстік айналма көшесінде болды. O-Jet тұрғын үй кешенінің тұрғындары ыстық судың тоқтатылғанына наразылық білдіріп, шамамен 50 адам тура көшенің ортасына шығып, жолды жауып тастады. Соған байланысты Солтүстік айналмада километрлерге созылған кептелістер пайда болды. Оқиға орнына полиция жасақтары келді.

Кейін бұл оқиғаның салдары әлеуметтік желілерде жарияланды. Бейне-роликте жүздеген автокөлік жүргізушілері кептелісте екенін және Солтүстік айналма көшесімен жүре алмайтыны көрсетілген.

Қала әкімшілігінде ыстық су тұрғындардың «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на қарыз болғандықтан тоқтатылды деді. Алайда шенеуніктердің мәліметінше, жеткізуші тұрғындарды коммуналдық қызметтерден айырған жоқ. «O-Jet» тұрғын үй кешеніндегі ыстық сумен қаматамасыз ететін қазандықтың жұмысын «Alpha Management Services» компаниясының бастамасымен тоқтатылды деп хабарланды.

«Газбен жабдықтау қызметі үшін 1 477 000 тг. қарыз жиналды. Сондықтан ағымдағы жылдың 24 мамырында «ҚазТрансГаз Аймақ» аталмыш компанияға хат жолдады. Олар O-Jet тұрғындарына газды төлеу қажет екенін хабарлады. Борышкерлердің тізімі ақпараттық стендтерде және қабаттық лифтілерде жазылды. Компания соңғы мерзімін 14 маусымға дейін созды» – деп түсіндірді әкімдікте.

Тұрғындардың ыстық су мен жылуға қарыздарының жалпы сомасы 3 млн. теңгені құрайтыны айтылды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» «Альфа Менеджмент Сервисіне» ыстық суды тоқтату туралы хабарлама жіберді. Бірақ өшіру бұйрығы ол жақта орындалған жоқ. Ыстық суды «Alpha Management Services» компаниясы жүзеге асырды» – деді әкімшілікте.

Жол жабылғаннан кейін көп ұзамай тұрғындар үйлеріне оралды. Ал O-Jet тұрғын үй кешені қайтадан ыстық сумен қамтамасыз етілді деп хабарланды.

Сумен жабдықтау жүйесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты жаз мезгілінде Алматыда ыстық су мезгіл сайын бірнеше күн бойы өшіріліп тұратындығын айта кетелік.

]]>
https://qazaqpress.kz/2021/06/16/almatylyqtar-tuende-baraholka-mangyndaghy-zholdy-boegep-tastady/feed/ 0